110 Терроризмге қарсы қызмет телефоны
+77010222030

TwitterFacebookPinterestGoogle+

Мысырда лаңкестермен қақтығыс кезінде 16 сарбаз көз жұмған

Каир. 24 қазан. Египетте күштік құрылымдар лаңкестікпен күресте қыруар шығынға ұшырап жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Арнайы операциялар ірі ұрыс қимылдарына ұқсайды. Әскер содырларға қарсы ұшақтар мен танкілерді де қолдануға мәжбүр. Бірақ мұндай әрекеттен қайран болмай тұр. Жұма күні елдің батысындағы Гиза аймағында лаңкестермен қақтығыс кезінде 16 сарбаз көз жұмған. Бейресми дерекке қарағанда, күні бүгінге дейін 58 жауынгер оққа ұшқан.

Қарулы қақтығыстар Синай түбегінде өтіп жатыр. Сарапшылар жергілікті әскердің түбектегі лаңкестерге қарсы тұруға қауқарсыз екенін айтады. Өйткені аз қоныстанған үлкен түбекті ел әскерінің толық өз бақылауына алу мүмкін емес. Содырлар да туризммен аты шыққан аймақты әдейі таңдап алған. Себебі мемлекет кірісінің басым бөлігін де осы сала құрайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗ ТУРАЛЫ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

knb mvd sng %d1%88%d0%be%d1%81 caric