110 Терроризмге қарсы қызмет телефоны
+77010222030

TwitterFacebookPinterestGoogle+

Астанада дін саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасы талқыланды

Астана. 22 қараша. Астанада «Дін саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Жиынға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және бірқатар мекеме өкілдері қатысты.Бұл туралы «Егемен Қазақстан»хабарлайды.

Дөңгелек үстел жұмысын ашқан Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын Қазақстанда адам құқықтары шектелмегенін, діни бірлестіктерге жағдай жасалғанын атап өтті.

«Елдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық келісімді және қоғамдағы толеранттықты нығайту, халықтың діни экстремизм идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру жөнінде түрлі шаралар қабылданып келеді. Сондай-ақ, елде ресми тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының қызметіне қажетті мүмкіндіктер қарастырылған», деді Б.Арын.

Вице-министр Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталды. Оның айтуынша, бұл құжат мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектесіп, діннің қоғам алдындағы рөлін анықтауға қосар үлесі мол.

Б.Арын дөңгелек үстелге жиналғандарға министрлік тарапынан әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасымен таныстырды.

Оның сөзіне сүйенсек, жаңа заң жобасында адам құқықтарын қорғайтын және дінді экстремистік және деструктивті мақсатта пайдаланудың ықтималдығын төмендетуге бағытталған құқықтық нормалар енгізілген.

Сонымен қатар, Б.Арын министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде әңгімелеп берді.

Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Еркін Оңғарбаев заң жобасын әзірлеу барысында діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың пікірі ескерілгенін сөз етті.

Заң жобасы сәйкес, адамның бет бейнесін тұмшалайтын, деструктивті идеологиялық ағымдарды насихаттайтын киім түрлерін киюге және таратуға шектеу қою көзделген.

Сондай-ақ, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады. Сонымен қатар, діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету,  діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл тиімділігіне баға беру жүйесін енгізу, діни қатынастар субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту секілді мәселелер де қарастырылған.

Жиынға қатысушылар діни ахуалды реттеуге арналған жаңа заң жобасына қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, оны қабылдау мемлекет пен конфессиялар арасындағы қатынасты жетілдіруге, діни экстремизм идеясының таралуына шектеу қоятынына сенім білдірді.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/161591-astanada-din-salasyndaghy-zanhnama-men-quqyq-qoldanu-praktikasy-talqylandy
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗ ТУРАЛЫ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

knb mvd sng %d1%88%d0%be%d1%81 caric