110 Терроризмге қарсы қызмет телефоны
+77010222030

TwitterFacebookPinterestGoogle+

«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қырлары» семинары талқылануда

Астана. 24 қараша. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қырлары» тақырыбындағы 5 күндік оқыту семинары әлі де қызу талқылануда, деп хабарлайды KazIslam,

Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік қызметкерлер мен дінтану және исламтану мамандығы оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруды мақсат тұтқан аталмыш семинар барысында алғашқылардың бірі болып сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптамалық кеңесінің төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының директоры Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы  «Мемлекет саясатының ұлттық бірлік пен қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін қағидаттары» тақырыбы бойынша жан-жақты талдау жасап, ой бөлісті.

Оқыту семинары барысында, «Білім» оқу мәдени орталығының директоры Иржанов Руслан Самарқанұлы «Діни сарынды экстремизмнің алдын алуда ақпараттық ықпал етудің әдістері мен түрлері» тақырыбына негізделген баяндамасы аудитория қызығушылығын арттырды.

Сондай ақ, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Бәйтенова Нағима Жаулыбайқызы «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал» жөнінде сөз қозғап, аудитория тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Семинарда кезекті сөз алған ҚР ДІАҚ ДІМ Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы «Дін саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Іс шарада Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының сұхбаттасуды дамыту бөлімінің бас сарапшысы, әлеуметтік (гуманитарлық) ғылымдар магистрі Әлімқұлова Салтанат Бектемірқызы «Жалпыға ортақ білім беру мекемелеріндегі дінтану пәнін оқытудың мәселелері» туралы сөз қозғады.

Оқыту семинарына модератор болған Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол.ғ.к. Айнұр Әбдірәсілқызы «Қазақстандағы дінтанулық білімінің заманауи үрдістері мен өзекті мәселелері» атты тағылымды баяндамасы көпшілік назарына ұсынылып, қызу талқыға түсті.

Аталмыш семинарға «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылатын көптеген мемлекеттік органдар қызметкерлері, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, облыстық Дін істері басқармаларының. Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының, Терроризмге қарсы комитеттердің мамандары, жоғары оқу орындарының дінтану кафедраларының оқытушылары мен медресе мұғалімдері қатысуда.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары мен өзекті мәселелері, мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардың даму үрдістері, дін және қоғам дәстүрлері мен сабақтастықтары, Қазақстандағы діни ахуал және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасқан оқыту семинары әлі де жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗ ТУРАЛЫ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

knb mvd sng %d1%88%d0%be%d1%81 caric