110 Терроризмге қарсы қызмет телефоны
+77010222030

TwitterFacebookPinterestGoogle+

Брюссельде терактқа дайындалды деген күдікпен сегіз адам ұсталды

Брюссель. 6 наурыз. Бельгия полициясы Брюссельде террористік актқа дайындалды деген күдікпен сегіз адамды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Брюссельдің Моленбек коммунасында жексенбі күні тінту өткізілген. Ұсталғандар лаңкестік шабуыл жасауға дайындалды деген күдікке ілікті.

Сот оларға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығаруы тиіс.

Тінту барысында қару-жарақ немесе жарылғыш зат табылмаған. Тергеп-тексеру шаралары ұстау фактісінің Париж және Брюссельде 2015-2016 жылдары болған терактілерге қатысы жоқ екенін растап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗ ТУРАЛЫ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

knb mvd sng %d1%88%d0%be%d1%81 caric