110 Терроризмге қарсы қызмет телефоны
+77010222030

TwitterFacebookPinterestGoogle+

Иракта тұтқында болған балаларды бейбіт өмірге бейімдеу жұмыстары жүргізілуде

Багдад. 12 наурыз. Иракта лаңкестік топтармен бірге мәжбүрлі түрде қару ұстап әскерилерге қарсы ұрыстарға қатысқан балаларды бейбіт өмірге бейімдеу жұмыстары қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Содырлардың тұтқынында болған бүлдіршіндер мен жасөспірімнің көбі – езидтер. Ер балалар қару ұстап, соғысса, қыздар күң болып, қорланып, зорланған. Қазір елде мұндай балаларды оңалтуға арналған 2 арнайы орталық бар. Онда балалар сурет салып, түрлі ойын ойнап, балдәурен шақтың қандай болу керектігін сезінеді. Жергілікті мұғалімдер оларға лаңкес деп қарамау керектігін айтады. Ал ЮНИСЕФ ұйымы өкілдерінің айтуынша, елде мұндай жеткіншектер мыңдап саналады. Бірақ содырлардың тұтқынында нақты қанша баланың болғаны туралы ақпарат жоқ.

Хошьяр Ходейда Сүлеймен, мұғалім:

– Лаңкестер бұл балаларды адамгершілікке тәрбиелемеген. Біз бұл курстарды балалардың діни алауыздықтан арылып, адамгершілікке және сүйіспеншілікке үйрету үшін ұйымдастырып отырмыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗ ТУРАЛЫ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

БАЙЛАНЫСҚА ШЫҒУ

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ

knb mvd sng %d1%88%d0%be%d1%81 caric